Zomro хостинг қызметтеріне арналған жария оферта шарты

  • 01 АНЫҚТАМАЛАР
    АНЫҚТАМАЛАР
    • 1.1. Zomro: жеке шектеулі серіктестігі Zomro B. V., оның тіркелген кеңсесі Celeritas International LLC (Id: 47851500), осы Қызмет көрсету шарттарын пайдаланушы, бұдан әрі ZOMRO деп аталады.
    • 1.2. Клиент: ZOMRO компаниясының контрагенті, әрі қарай - КЛИЕНТ.
    • 1.3. Қызметтер: клиенттің ZOMRO-дан жалға алған қызметтері (онлайн) тапсырыста баяндалған (сондай-ақ, шарт деп те аталады).
    • 1.4. Қызметтерді ұсыну шарттары: жалпы шарттардың ережелері, сондай-ақ қызметтердің қандай жағдайларда пайдаланылатынын түсіндіретін саясаттар мен басшылық қағидаттар қызметтерді ұсыну шарттарында ('ҚҰШ') баяндалған
  • 02 СЕРВИСТІК АЛЫМДАР
    СЕРВИСТІК АЛЫМДАР
    • 2.1. Қызметтерді пайдаланғаны үшін, клиент ZOMRO-ға тапсырыста (онлайн) көрсетілген қызмет көрсету түріне ағымдағы төлемді төлейді.
    • 2.2. Барлық бағалар евромен, ҚҚС-сыз, сондай-ақ үшінші тұлғалардың төлемдерін (мысалы, банктен немесе (онлайн) төлем провайдерінен транзакция үшін алымдарды), және үкімет алып отыратын кез келген салықтар мен баждарды қоспастан есептелген. Егер басқасы келісілмесе, Клиент қызмет үшін осы валютамен төлейді.
    • 2.3. ZOMRO клиенттен алынатын тарифтерді өзгертуге құқылы. Мұндай өзгертулер туралы клиентке электронды пошта арқылы және/немесе ZOMRO веб-сайтында, олар күшіне енуден кем дегенде бір (1) ай бұрын хабарланады. Клиент бағаның өзгеруі бағаның қымбаттауына түрінде болған жағдайда, өзгерістер күшіне енген күннен бастап күшіне енетін шартты бұзуға құқылы.
    • 2.4. Төлем (алдын ала төлеу негізінде) ZOMRO белгілеген тәсілмен шот-фактура қойылған күннен бастап он төрт (14) күн ішінде жүргізілуге тиіс.
    • 2.5. Көрсетілген қызметке төлем жасалмаған жағдайда, алдымен оның қызметі тоқтатылады. Қызметтің қолданылу мерзімін ұзарту үшін қаражаттың түсуі күтіледі. Төлем кешіктірілген жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін өсімақы алынады.
    • 2.6. Егер КЛИЕНТ қызмет мерзімін автоматты ұзартуды таңдамаған болса, онда оны қолмен ұзарту керек болады. Қызметтерді автоматтарды ұзарту өшірілген жағдайда, оның мерзімі аяқталған кезде қызмет тоқтатылатын болады. Қызметтерді автоматтарды ұзартуды пайдаланған жағдайда, қызметтерді автоматты ұзартуда таңдалған кезеңге ұзартуға қажетті соманы балансқа құю жеткілікті.
    • 2.7. ZOMRO төлем жасалмаған жағдайда қызметті жою құқығын өзіне қалдырады, және жалға алу мерзімі ішінде қызметті ұзарту үшін төлем түспесе. Мұндай жағдайда ZOMRO тоқтатылған қызметті келесі мерзімдерде жою құқығын өзіне қалдырады:
      - Бөлінген сервер — 10 күннен кейін;
      - Виртуалды сервер (VPS) — 14 күннен кейін;
      - Виртуалды хостинг — 30 күннен кейін;
      - Cloud VPS/VDS:
      *егер қызмет бір аптадан артық белсенді болса — 7 күннен кейін;
      *егер қызмет бір аптадан аз белсенді болса — 3 күннен кейін.
    • 2.8. Бастапқы серверді орнату ақысы. Кейбір жағдайларда серверлерді бастапқы орнату үшін қосымша ақы алынуы мүмкін. Бұл төлем қайтарылмайды.
  • 03 ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ БҰЗЫЛУЫ
    ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ БҰЗЫЛУЫ
    • 3.1. Егер осы келісімнің сипаты мен мәні белгісіз мерзімді көздемесе, шарт белгілі бір мерзімге жасалады
    • 3.2. Егер тек тараптардың бірі шарттың ұзартылуына қарсы екенін екінші тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, хабарлау мерзімі кем дегенде бір (1) күн екенін ескереріп, шарттың қолданылу мерзімі біткеннен кейін ол бастапқы мерзіміне тең келетін келесі мерзімге ұзартылады.
    • 3.3. ZOMRO өз міндеттемелерін орындауды тоқтатуға немесе шартты бұзуға (ішінара) құқылы егер:
      • ТАПСЫРЫС БЕРУШІ шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, не оларды толық көлемде немесе мерзімінде орындамаса;
      • шарт жасалғаннан кейін, ZOMRO өзі алған ақпараттың негізінде, тапсырыс беруші өз міндеттемелерін орындай алмайды деп қауіптенсе.
      • ТАПСЫРЫС БЕРУШІ өз міндеттемелерін орындай алмайды деп қауіптенуге маңызды негіздер болса.
    • 3.4. Шарт бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда:
      • ZOMRO барлық қызметтерін көрсетуді тоқтатуы тиіс;
      • ZOMRO клиенттің барлық деректерін ZOMRO-ның жабдығынан өшіруге немесе жоюға құқылы;
      • ZOMRO жабдықты басқа клиенттердің пайдалануы үшін қолжетімді қылуға құқылы;
    • 3.5. Нидерландтың құзыретті сот органдары кез келген істі, талапты немесе талқылауды қарау және айқындау үшін, сондай-ақ шартқа немесе басқа да келісімдерге, сондай-ақ олардан туындайтын басқа да құқықтық қатынастарға байланысты туындауы мүмкін кез келген дауларды реттеу үшін айрықша юрисдикцияға ие.
    • 3.6. Бұл ҚҰШ-ны ZOMRO сұрау бойынша жібере алады. ҚҰШ-пен ZOMRO веб-сайтының көмегімен де танысуға және сақтап алуға болады.
    • 3.7. Осы шарттардың ең соңғы нұсқасы немесе жағдайларға байланысты біз ZOMRO-мен құқықтық қатынастарға кірген кезде қолданылатын нұсқа қолданылатын болады.
    • 3.8. ZOMRO шартқа (бөлігіне) және оның ілеспе құжаттамасына біржақты тәртіппен өзгерістер енгізу құқығына ие. Егер ZOMRO өзгесін мәлімдемесе, бұндай түзету қолданыстағы шарттарға да қолданылады. Түзету мәлімдемемен немесе мәлімдемеде көрсетілген біраз күннен күннен кейін күшіне енеді.
    • 3.9. Егер пайдаланушы 12 айдан астам әрекетсіз болса, ZOMRO робот тіркелгісін уақытша тоқтатуға құқылы
  • 04 ТІРКЕУ ЖӘНЕ ДОМЕНДІК АТАУЛАРДЫ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
    ТІРКЕУ ЖӘНЕ ДОМЕНДІК АТАУЛАРДЫ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
    • 4.1. ZOMRO тапсырыс берушіге домендік атауларды ZOМRO пайдасына да, үшінші тұлғалардың пайдасына да тіркеу, ұзарту және беру мүмкіндігін береді.
    • 4.2. Домендік атаулармен жасалатын барлық операциялар, төлемді қоса алғанда, жеке кабинеттегі автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылады.
    • 4.3. Домендік атауларды тіркеу домендік атаудың ықтимал иесі туралы жеке деректерді алуды қамтиды. Сонымен қатар, пайдаланушының сәйкестендіру деректері ашық көздерде (мысалы, WHOIS дерекқорларында) жариялануы мүмкін.
    • 4.4. Домендік атауға құқықтар беру, домендік атауды басқа тіркеушінің басқаруына беру тапсырыс берушіден ресми хат алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Егер домендік атау заңды тұлғаға тіркелген болса, құқықтарды беру/домендік атауды беру үшін, компанияның фирмалық бланкісінде терілген, компанияның мөрімен және аға менеджердің қолымен расталған хат қажет. Егер домендік атау жеке тұлғаға тіркелген болса, онда құқықтарды беру/доменді беру туралы өтінішпен бірге клиенттің қолын куәландыратын төлқұжаттың бірінші және екінші беттерінің көшірмелері ұсынылады. Егер ZOMRO бұдан былай клиентке қызмет көрсете алмаса, ZOMRO пайдаланушы туралы ақпаратты және әр домен атауына құқықтарды сақтай отырып, домендік атауларды басқа тіркеушіге беруге кепілдік береді.
    • 4.5. ZOMRO компаниясының клиенті өзіне домендік атауларды ұсыну үшін берген барлық ақпарат толық, сенімді және дәл болуы керек.
    • 4.6. КЛИЕНТ 4.5. тармақта ұсынылған ақпаратта болған кез келген өзгерістер туралы ZOMRO-ға бірден хабарлауға тиіс.
    • 4.7. КЛИЕНТ ZOMRO клиенті ұсынған және домендік атауларды табыстау процесі үшін қажетті ақпаратты жинау, сақтау және жариялау мақсатын түсінетіндігімен, сондай-ақ мұндай ақпарат WHOIS немесе ұқсас қызмет арқылы нақты уақыт режимінде көпшілікке қолжетімді болатындығымен келіседі.
    • 4.8. КЛИЕНТ ZOMRO да, әкімші де, тіркеуші де клиенттің домендік атауларын пайдаланудың немесе теріс пайдаланудың салдары үшін, оның ішінде үшінші тұлғаларға қатысты, сондай-ақ клиент үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзған жағдайларда жауап бермейтініне келіседі.
  • 05 ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
    ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
    • 5.1. Тікелей іріктеу, порттарды сканерлеу, спам (форумдарға, чаттарға, кері байланыс нысандарына, электронды поштаға және т. б. хабарламалар жіберуге арналған скрипттер) арқылы парольдерге шабуыл жасауға, хакерлікті, бұзуды, фишингті және Интернеттегі басқа да заңсыз әрекеттерді қолдаумен айналысуға тыйым салынады.
    • 5.2. Компьютерлік вирустардың кез келген түрін берілген диск кеңістігінде сақтауға тыйым салынады.
    • 5.3. Криптовалюталар майнингіне тыйым салынады.
    • 5.4. Тестілеу немесе сынақ мерзімі бар қызметке тапсырыс берген кезде клиент тарапынан кез келген әрекетсіздікте ZOМRO қызмет көрсетуді тоқтату және серверді жою құқығын өзіне қалдырады.
    • 5.5. VPN немесе прокси-хостингке тыйым салынған.
    • 5.6. VPS/ VDS-ті DDoS-шабуылдар үшін немесе басқа да зиян келтіретін мақсаттарда, сондай-ақ Нидерланд заңнамасымен тыйым салынған әрекеттерді жасауға пайдалануға тыйым салынады.
    • 5.7. ZOMRO арна жылдамдығын 10-100 Мбит/с дейін шектеуге немесе ұзақ уақыт бойы жоғары желілік белсенділік жағдайында серверді бұғаттауға құқылы, бұл желілік жабдықтың жүктемесін 90%-дан асып кетуіне әкеледі немесе VPS/VDS үшін 10TB және физикалық ерекшеленген серверлер үшін 100 TB трафик шегінен асып кеткен жағдайда бұғаттауға құқылы.
    • 5.8. Кез келген ортақ хостинг жоспары үшін ZOMRO-ның алдын ала жазбаша келісімінсіз басқару панелі/ойын сервері және торрент-трекерлер статистикасы скриптерін қоса, бірақ олармен шектелмей, қосымша стандартты емес бағдарламалық жасақтаманы орнатуға тыйым салынады. Басқа барлық жағдайларда мұндай контент тек VDS/VPS қызметінде немесе физикалық ерекшеленген серверде жариялануы мүмкін.
    • 5.9. Жалпы хостингте орналастырылған, рұқсат етілген жүктемеден асатын сайттар, егер клиентпен жағдай жақсы шешілмесе (жоспарды жоғары тарифке өзгерту, VDS/Dedicated-ке ауысу немесе ауыр жүктемелерді тудыратын скриптерді жою/оңтайландыру), бұғатталуы мүмкін.
    • 5.10. Серверлік жабдықтың жүктемесіне әкелетін, ұзақ уақыт бойы процессорға 90 %-дан асатын жоғары жүктеме болған жағдайда, ZOMRO виртуалды сервердің жұмысын шектеу немесе бұғаттау құқығын өзіне қалдырады, егер клиент жағдайды жақсы жаққа шешпесе, (тарифтік жоспарды жоғары тарифке өзгерту, Dedicated-ке ауысу немесе ауыр жүктеме тудыратын скриптерді оңтайландыру/жою).
    • 5.11. Келіп түскен барлық шағымдар клиентке жіберіледі және соған сәйкес әрекет ету үшін мерзім беріледі. Егер сервер бұзушылық туралы шағымға байланысты тоқтатылса және мәселені шешу үшін 7 күн ішінде шара қабылданбаса, ZOMRO серверді босатуға/жоюға құқылы.
    • 5.12. Егер ZOMRO-ның бағалауы бойынша, тапсырыс берушінің контенті немесе БЖ-сы заңсыз, әдепсіз, қауіп төндіретін іс-әрекеттерді орындаса немесе ҚҰШ деректерін кез келген түрде бұзса, ZOMRO клиентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Сондай-ақ, қызметке қолжетімділік шектелуі мүмкін, қызмет ZOMRO жабдықтарынан клиентке хабарлай отырып тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін.
    • 5.13. Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды (телеарналарды, IPTV, тікелей эфирлерді, спорттық оқиғаларды) құқық иеленушінің тиісті рұқсатынсыз трансляциялауға тыйым салынады.
    • 5.14. Онлайн казиноларды, ойын автоматтарын және кез келген құмар ойындарды тиісті Kansspelautoriteit (KSA) лицензиясынсыз орналастыруға тыйым салынады.
    • 5.15. Бір иесіне екі немесе одан да көп аккаунт құруға тыйым салынады.
  • 06 ӨЗГЕ ҚАҒИДАЛАР
    ӨЗГЕ ҚАҒИДАЛАР
    • 6.1. Дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, клиенттің дербес деректері құпия болып табылады.
    • 6.2. Техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін, ZOMRO қызмет көрсетуді тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады және клиенттің қызметке кіру құқығын тоқтата алады.
    • 6.3. КЛИЕНТ ZOMRO-ның желінің, деректер мен қызметтерді өңдеу орталығының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, мезгіл-мезгіл (апаттық) техникалық қызмет көрсететінін және мұндай техникалық қызмет көрсету клиентке қызмет көрсетуге әсер етуі мүмкін екенін мойындайды.
    • 6.4. ZOMRO қызметтердің орнын ауыстыру құқығын, сондай-ақ осындай ауыстырумен байланысты қызметтерді (уақытша) тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.
    • 6.5. ZOMRO қызметтердің қолжетімділігіне, ұсынылатын бағдарламалық жасақтамада мен кез келген басқа материалдарда жүйелік қателер болмайтынына кепілдік бермейді, бұның алдын алуға барлық ақылға қонымды күш-жігер мен шаралар қабылдайды.
    • 6.6. ZOMRO қызметтерді пайдаланудың немесе пайдалану мүмкін болмауының салдарынан КЛИЕНТКЕ келтірілген тікелей немесе жанама залалдар үшін немесе қателер, олқылықтар, тоқтап қалулар, файлдарды жою, ақаулар, деректерді өңдеу немесе берудегі кідірістер, функциялардың өзгеруі және басқа себептер салдарынан келтірілген залалдар үшін жауап бермейді. ZORRO IP мекенжайлары қара тізімге енгізілген және ZOMRO-ның пошта клиенті елемейтін қашықтағы желілерден клиенттің электронды поштасын қабылдауға кепілдік бермейді.
    • 6.7. ZOMRO қызметтерге қол жеткізу үшін пайдаланылатын ортақ пайдаланымдағы байланыс арналарының сапасына жауап бермейді.
    • 6.8. КЛИЕНТ өзіне Интернет қызметтерін пайдалануға байланысты, оның ішінде кез келген пікірдің, идеяның және кез келген басқа ақпараттың нақтылығын, толықтығын және пайдалылығын бағалау жауапкершілігін, сондай-ақ КЛИЕНТКЕ Интернет арқылы таратылатын өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қасиеттеріне толық жауапкершілік пен тәуекелдерді өзі қабылдайды.
    • 6.9. КЛИЕНТ өз құпиясөзінің сақтауға және оны рұқсатсыз пайдалану нәтижесінде туындауы мүмкін шығындарға толық жауапты болады. Үшінші тұлғалардың кінәсінен логин мен құпиясөз ұрланған жағдайда, КЛИЕНТ ZOMRO-ға қызметтерге ақы төленгенін растайтын тиісті қаржылық құжатты міндетті түрде қоса бере отырып, логин мен құпиясөзді өзгертуге сұрау салуға құқылы.
    • 6.10. ZOMRO компаниясы үшінші тұлғалардың ұрлыққа әкелген әрекеттері үшін жауап бермейді, ал КЛИЕНТ ұрланған уақыт ішінде жұмсалған ақшаны қайтаруды сұрап, тиісті тергеу және құқық қорғау органдарына жүгінеді.
    • 6.11. ZOMRO туралы кез келген үшінші тұлғалардың КЛИЕНТКЕ арналған қызметтерге қолжетімділіктің тоқтағаны туралы хабарламасы үшін және мұндай хабарламаның болмауынан туындауы мүмкін салдарлар үшін жауап бермейді. ZOMRO тек КЛИЕНТТІҢ байланыс мекенжайынан немесе ZOMRO ресми сайтындағы қызмет көрсету аймағынан (есепшот) жіберілген КЛИЕНТТІҢ сұрауларын ғана орындайды. Тіркелген кезде ZOMRO ресми сайтында көрсетілген электронды пошта мекенжайы электронды поштаның байланыс мекенжайы болып саналады. КЛИЕНТ ZOMRO ресми сайтындағы қызмет көрсету аймағынан (жеке кабинет) тіркеу дерекқорындағы электронды пошта мекенжайын өзгертуді сұрай алады.
    • 6.12. Ерекше жағдайларда төлем жасалғаннан кейін тапсырысты орналастырудың соңғы сатысында оның телефон нөміріне оператор немесе робот кіріс қоңырау шалу арқылы растау жолымен КЛИЕНТТІ тексеру талап етілуі мүмкін.
    • 6.13. ТҰТЫНУШЫ ZOMRO-ға берген төлеуші туралы барлық ақпарат толық, сенімді және нақты болуы керек.
    • 6.14. Тұтынушы ZOMRO-ға төлем жасаған криптовалюта заңды және заңды шыққанына, еркін саудаланатынына және аударылатынына және қылмыстық әрекетке, ақшаны жылыстатуға немесе терроризмді қаржыландыруға ешқандай қатысы жоқ екеніне кепілдік береді.
  • 07 ӨТЕУЛЕР
    ӨТЕУЛЕР
    • 7.1. Егер аккаунт ҚҰШ бұзғаны үшін бұғатталмаған болса, ал домендік атауға, бағдарламалық жасақтамаға лицензия немесе серверді жалға алуға тапсырыс берілмеген болса, КЛИЕНТ көрсетілетін қызметтерден қызметтерді пайдалана бастаған күннен бастап 30 күн ішінде бас тартқанда ZOMRO пайдаланылмаған ақшаны қайтарып беру шарасын қабылдайды. Бұлай болмаған жағдайда ZOMRO пайдаланылмаған ақшаны қайтарып бермейді.
    • 7.2. Ақшаны қайтару барысында қызметтерге төлем жасау кезінде берілген жеңілдіктер ескеріледі, яғни нақты төленген сома ғана (бонустарсыз және т.с.) қайтарылады. Орнату құны, басқару панелінің ақысы, хостинг пен реселлингке арналған IP-мекенжай мен DNS-сервис, домендік атаулар, әкімшілендіру, қосымша HDD және басқа қызметтер үшін алдын ала жасалған төлем және басқа да төлем қайтарылмайды. Тек VDS қана ақшаны қайтарып алу құқығына ие.
    • 7.3. Ақшаны қайтарып беру компания таңдаған әдіспен, 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
    • 7.4. Үшінші тараптың кез келген төлемі (шлюз) немесе транзакция үшін алынған комиссия да қайтарылатын сомадан шегеріледі.
    • 7.5. Егер ақша қайтарылып берілген клиенттің кінәсінен компания зиян көрген болса, (ажыратылған серверлер, желілер, IP-мекенжайларының қара тізімі және т.б.), әр нақты жағдайға байланысты шығындар сомасы қайтарылған сомадан шегеріледі.
    • 7.6. Егер қызметтер осы ҚҰШ-ты бұзу салдарынан бұғатталған болса, ақша қайтарылмайды.
    • 7.7. Егер қызмет көрсету ерекше жағдай себебінен тоқтатылса, қаражат қайтарылмайды:
      • форс-мажор;
      • КЛИЕНТ заңсыз, зиянды, басқа адамдардың беделін түсіретін немесе құқықтарын бұзатын кез келген контентту сақтайды немесе жібереді;
      • КЛИЕНТТІҢ іс-әрекеті осы КЕЛІСІМ-ШАРТҚА сәйкес қызмет көрсету ережелерін бұзады;
      • Zomro КЛИЕНТТІҢ әрекеті Zomro серверлерінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына немесе өнімділігіне қауіп төндірді;
      • КЛИЕНТ заңсыз қызметпен немесе басқа клиенттерге қызмет көрсетуге кедергі келтіретін қызметпен айналысқан;
      • КЛИЕНТ бақылайтын ортада ақау орын алды;
      • клиент ZOMRO компаниясы ұсынған қызметтерді пайдалануға қатысты мамандардың нұсқауларын бірнеше рет сақтамаған жағдайда;
      • қызметті қарастырылмаған мақсаттарда пайдалану;
      • үшінші тараптың «қызмет көрсетуден бас тарту» шабуыл (DoS) немесе үлестірілген «қызмет көрсетуден бас тарту» шабуыл (DDoS) жасауы;
      • КЛИЕНТтің кез келген үлгідегі рұқсатсыз ақпарат жіберуді (спам) пайдаланғаны үшін ұсталуы;
      • КЛИЕНТтің әдеп ережелерін бұзуы, атап айтқанда, Zomro компаниясының мамандарымен телефон арқылы сөйлесуде немесе хат алмасуда балағат сөздерді қолдануы.
    • 7.8. Төлем төлем жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты криптовалюта, PayPalych немесе Enot арқылы жасалған болса, ақша қайтарылмайды.
  • 08 ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРТТАР және ҚҰҚЫҚ
    ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРТТАР және ҚҰҚЫҚ
    • 8.1. Клиент пен ZOMRO арасындағы барлық келісімдер Нидерланд заңнамасымен реттеледі.
    • 8.2. Нидерландтың құзыретті сот органдары кез келген істі, талапты немесе талқылауды қарау және айқындау үшін, сондай-ақ шартқа немесе басқа да келісімдерге, сондай-ақ олардан туындайтын басқа да құқықтық қатынастарға байланысты туындауы мүмкін кез келген дауларды реттеу үшін айрықша юрисдикцияға ие.
    • 8.3. Бұл ҚҰШ-ны ZOMRO сұрау бойынша жібере алады. ҚҰШ-пен ZOMRO веб-сайтының көмегімен де танысуға және сақтап алуға болады.
    • 8.4. Осы шарттардың ең соңғы нұсқасы немесе жағдайларға байланысты ZOMRO-мен құқықтық қарым-қатынастар кезінде қолданылатын нұсқа қолданылатын болады.
    • 8.5. ZOMRO шартқа (бөлігіне) және оның ілеспе құжаттамасына біржақты тәртіппен өзгерістер енгізу құқығына ие. Егер ZOMRO өзгесін мәлімдемесе, бұндай түзету қолданыстағы шарттарға да қолданылады. Түзету мәлімдемемен немесе мәлімдемеде көрсетілген біраз күннен күннен кейін күшіне енеді.