КІРУ

    Zomro деректер орталығы (Дөо) ZOMRO

    КҮЗЕТ
    ӨРТ СӨНДІРУ ЖҮЙЕСІ
    КОНДИЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ
    КОММУНИКАЦИЯЛАР
    ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
    ЖАБДЫҚ

    Дата-Орталық периметрі бойынша жоғары кернеу тартылған қоршаумен қоршалған, қоршаудың бір шетінен екінші шетіне дейін сыртқы бейнебақылау камералары арқылы бақыланады. Қашықтан басқарылатын, сөйлесу құрылғысы бар шлюз типтес қақпалары Дата-Орталықтың периметріне рұқсатсыз кіруге мүмкіндік бермейді. Ғимаратқа, сондай-ақ ішкі үй-жайларға кіру сәйкестендіріліп, уәкілеттіктері тексерілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Сіздің алдын ала келісіміңізді алмастан, Сіздің жабдыққа ешкім жақындай алмайды. Дата-Орталықтың жоғары дәрежеде қорғалғандығының көрсеткіші PCI-DSS сертификаты болып табылады, ол біздің Дата-Орталық онда пластик карталар процессингін орналастыруға қауіпсіз екенін растайды.

    Өрт сөндіру жүйесі Дата-Орталықтың сенімділігін білдіреді. VESDA (Very Early Smoke Detection Apparatus) түтінді өте ерте анықтау жүйесі орнатылған, аргон инертті газының негізінде өрт сөндіру жүйесіне дереу хабарлайды. Өрт сөндіру жүйесі желдету жүйесімен байланысты, өрт сөндіру кезінде ол ажыратылады. Дата Орталық қабырғалары отқа төзімді және кем дегенде 180 минут бойы жоғары температуралардың әсеріне төтеп бере алады. Бұдан бөлек, өртті ауа ағындарындағы, сондай-ақ жылу детекторларындағы өзгерістерді тіркеп алатын оптикалық детекторлардың негізінде анықтайтын жүйе де қолданылады. Барлық жүйелерді білікті қолдау қызметі тәулік бойы бақылауда ұстайды.

    Дата орталықты суыту 2N резервтеу арқылы қамтамасыз етіледі. Температурасы 24 ° С (± 5 ° C), салыстырмалы ылғалдылық 50 % (± 25 %) деңгейінде сақталады. Дата-Орталықта өздігімен табиғи суу тұжырымы енгізілген. Энергияны аз тұтынатын бұл суу әдісі Нидерландтың қоңыржай климатының арқасында ең қолайлы температура мен ылғалдылыққа ие сыртқы ауаны саналы түрде қолдануға мүмкіндік береді.

    Нидерландыда орналасқан Деректер орталығы әртүрлі аймақтар арасында тұрақты байланысты қамтамасыз етеді, сондықтан барлық дерлік елдермен деректер алмасу мінсіз өтеді. Мұның бәрі Деректер орталығы трафик алмасу нүктесі болғандықтан және оны үнемі жетілдіріп, тәжірибелі желі инженерлері басқаратын озық жабдық пен технологиялар қолданудың арқасында мүмкін болып отыр. Біз TIER-I деңгейіндегі бірнеше премиум транзиттік провайдерлермен және TIER-III деңгейіндегі Деректер орталықтарымен жұмыс істейміз. Біздің орталық үздіксіз даму үстінде, сол себепті ондағы өткізу қабілетінің көрсеткіші үлкен, яғни 10 Тб/с. Біздің желі DDoS қауіптерінен қорғалған. Бұл деректер орталығы әлемдегі үздік байланыс нүктесіне ие деп айтуға болады.

    APC аккумулятор батареялары залы мен 16 дизель-генераторлар (1540 кВА-дан) 2007 жылдан бері Дата-Орталықтың үздіксіз энергия тұтынуын қамтамасыз етіп келеді. Бір бағанаға стандартты түрде 15 кВт беріледі, ал сұраныс бойынша 25 кВт берілуі мүмкін.

    Біз тек Hewlett Packard, IBM, Dell компанияларының бренд жабдықтарын ұсынамыз. Серверді жалға алған кезде Сіз оның техникалық жағдайына алаңдамасаңыз да болады.

    ДАТА-ОРТАЛЫҚТЫ НИДЕРЛАНДТА ОРНАЛАСТЫРУ

    ГАЛЕРЕЯ

    • slide1
    • slide2
    • slide3
    • slide4
    • slide5
    • slide6
    • slide7
    • slide8