opened image

Docker жүйесінде AdGuard үйін қалай орнатуға болады

Жарнама мен трекерлер сізді бақылауы мүмкін. Көп жағдайда жарнама орынсыз болуы мүмкін. Трекерлердің арқасында, сіздің жеке ақпараттарыңыз, кез келген тауарды сату үшін тиімді әдісті анықтау үшін пайдаланылады. Жарнамалар мен баннерлер, сондай-ақ трекерлер браузердің жұмысын баяулатады, кедергі келтіреді және Интернеттегі жұмысты нашарлатады. 

AdGuard Home - бұл сіздің желіңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ жарнамалар мен трекерлерді блоктайтын бағдарламалық қамтамасыз ету. Бұл мақалада біз оны Docker контейнерінде қалай орнатуды, сондай-ақ docker-compose қолдануды қарастырамыз.
 

Docker орнатамыз. 

ОС пакеттерін жаңартамыз. 
 

apt update


Қажетті пакеттерді орнатып, жаңа репозиторий қосамыз:

 

 

 

apt install apt-transport-https ca-certificates curl gnupg-agent software-properties-common

curl -fsSL https://download.docker.com/linux/ubuntu/gpg | sudo apt-key add -

add-apt-repository "deb [arch=amd64] https://download.docker.com/linux/ubuntu $(lsb_release -cs) stable"

 


Жаңа репозиториймен пакеттерді жаңартамыз:

 

 

 

 

apt update

 


Енді Docker орнатамыз.

 

 

 

 

apt-get install docker-ce docker-ce-cli containerd.io

 


Нұсқасын тексереміз:

 

 

 

 

docker --version

 




Статусын тексереміз:

 

 

 

 

systemctl status docker

 




Егер ол іске қосылмаса, онда іске қосамыз:

 

 

 

 

systemctl start docker

 


Автозапускқа қосамыз.

 

 

 

 

systemctl enable docker

 

 

 

 

 

Docker-Compose орнатамыз


Бұл жоба үшін 1.25 нұсқасы жеткілікті. 

 

 

 

 

 

 

curl -L "https://github.com/docker/compose/releases/download/1.25.5/docker-compose-$(uname -s)-$(uname -m)" -o /usr/local/bin/docker-compose

 


Орнату құқықтарын береміз. 

 

 

 

 

chmod +x /usr/local/bin/docker-compose

 


Docker-Compose қалай орнатылғанын тексереміз:

 

 

 

 

docker-compose --version

 





Linux пайдаланушысын docker тобына қосамыз:

 

 

 

 

usermod -aG docker $USER

 


*.yaml  файлын Docker-Compose үшін жасаймыз.

Болашақта не орнатылғанын білу үшін, /home каталогында осы жоба үшін бөлек папка жасаймыз және оған өтеміз.

 

 

 

 

mkdir /home/adguardhome && cd /home/adguardhome

 


Сіз сондай-ақ бұл және басқа жобаларды орналастыру үшін басқа директорияны пайдалана аласыз. 

docker-compose.yaml файлын жасау үшін репозиторийді https://hub.docker.com/r/adguard/adguardhome сілтемесінен пайдаланамыз.

docker-compose.yaml немесе docker-compose.yml файлын жасаймыз,

 

 

 

 

vim docker-compose.yaml

 


Оған келесі кодты қосамыз:

 

 

 

 

version: '3.3'
services:
    adguardhome:
        image: adguard/adguardhome
        container_name: adguardhome
        volumes:
            - /opt/adguardhome/work:/opt/adguardhome/work
            - /opt/adguardhome/conf:/opt/adguardhome/conf
        ports:
            - 53:53/tcp
            - 53:53/udp
            - 67:67/udp
            - 68:68/udp
            - 80:80/tcp
            - 443:443/tcp
            - 443:443/udp
            - 3000:3000/tcp
            - 853:853/tcp
            - 784:784/udp
            - 853:853/udp
            - 8853:8853/udp
            - 5443:5443/tcp
            - 5443:5443/udp
        restart: always

 

Мұнда:

container_name: контейнеріңіздің атауы;
volumes  блокында конфигурациялық файлдарға қолжетімді жолдарды көрсетеміз;
 ports  блокында контейнерде прокси жасау қажет порттар көрсетілген.


Скриптті іске қосамыз (бұл үшін біздің файл жасалған директорияда болуымыз керек. Бұл жағдайда /home/adguardhome/):

 

 

 

 

docker-compose up -d 

 


Образдарды жүктеп, орналастыруды күтеміз.

Тексереміз:

 

 

 

 

docker-compose ps

 


Немесе:

 

 

 

 

docker ps

 



adguardhome-ды docker compose қолданбай-ақ бір командамен орнатуға болады.

 

 

 

 

docker run --name adguardhome\\
    --restart unless-stopped\\
    -v /my/own/workdir:/opt/adguardhome/work\\
    -v /my/own/confdir:/opt/adguardhome/conf\\
    -p 53:53/tcp -p 53:53/udp\\
    -p 67:67/udp -p 68:68/udp\\
    -p 80:80/tcp -p 443:443/tcp -p 443:443/udp -p 3000:3000/tcp\\
    -p 853:853/tcp\\
    -p 784:784/udp -p 853:853/udp -p 8853:8853/udp\\
    -p 5443:5443/tcp -p 5443:5443/udp\\
    -d adguard/adguardhome

 


Енді әкімшілік панеліне кіру үшін, серверде DNSStubListener-ді өшіру қажет. Ол үшін директория мен жаңа файл жасаймыз:

 

 

 

 

mkdir -p  /etc/systemd/resolved.conf.d
vim /etc/systemd/resolved.conf.d/adguardhome.conf

 
Оған келесі кодты қосамыз:
 

[Resolve]
DNS=127.0.0.1
DNSStubListener=no


resolve.conf-ты іске қосу үшін келесі командаларды орындаңыз:

 

 

 

mv /etc/resolv.conf /etc/resolv.conf.backup
ln -s /run/systemd/resolve/resolv.conf /etc/resolv.conf

 


DNSStubListener-ді жаңартамыз:

 

 

 

 

systemctl reload-or-restart systemd-resolved

 


Енді adguardhome-ға қосылу үшін IP-ні пайдалана аламыз және орнатуды жүргізе аламыз. Содан кейін, орнату кезінде енгізген деректермен қосыла аласыз. 


Жеке кабинетте осындай көрініс болады. 


adguardhome жарнамаларды блоктай бастау үшін, adguardhome орналасқан сервердің IP-ін DNS өрісіне енгізіңіз. Бұл роутерде де, жеке ПК-да да жасауға болады.


Трекерлер мен жарнамасыз жағымды серфинг.